Меню KDT

Табысты ынтымақтастық


Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында, «Алаштың Ахметі» оқырмандар конференциясы на мектептің қазақ тілі мен әдебиет ұстаздары мен шәкірттері белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірі туралы әңгімелеу. Әріптестер жастарға Айхмет Байтұрсыновтың жетістіктері, оның мемлекеттік қызметтегі маңызды рөлі туралы айтып берді. Қатысушыларға көрнекті ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесін ұсынылды. 10 сынып оқушысы Кожин Шыңғыс ақынның достық туралы "Досыма хат"өлеңін оқып берді.





Комментариев нет
Просмотров: 134
Автор: b149skobilim
Сайт: www.b149.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.11.2022 в 11:14