«Ең үздік пән мұғалімі»

Бүгін, 2022 жылғы 28 қарашада Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Астана қаласы ББ «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырған «Ең үздік пән мұғалімі» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне конкурста 3 орынды иеленген №27 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Кажгалиева Куралай Сабыровна қатысты. Құралай Сабыровнаны аталған жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта жетістіктер мен жеңістері көп болуын тілейміз!
Комментариев нет
Просмотров: 423