Меню KDT

Қазақстан Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.


Қазақстан Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.

«№24 орта мектеп» КММ мектеп акт залында 2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отансыз адам – құм түйір» тақырыбында іс-шара өтті.

 

Іс-шараның мақсаты: Отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік, тарихи өткенге, бүгінге деген мақтаныш және Қазақстан халықтарының жарқын болашағына деген сенім;

Безендірілуі:  Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туы бейнеленген кітап көрмесі, тарихи кітаптар, ҚР Тұңғыш Президентінің кітаптары, журналдар және т. б.

Отан – әлемнің барлық адамдары үшін маңызды әрі қымбат сөз, қазір Қазақстанда 19 миллион адам, 120-дан астам ұлт өкілдері бір отбасындай тұрып жатыр. Баршамызды, әртүрлі ұлт өкілдерін ортақ нәрсе біріктіреді: біз - Қазақстан халқымыз. Бұл ретте Қазақстан мәдениеті мен діні алуан түрлі бірегей мемлекет.

Іс-шараның жүргізушілері - кітапхана меңгерушісі Г.А. Марал және 5 «Б»-сынып оқушысы Бақыт Тамерлан болды. Патриотизм сабағы барысында бейнеролик көрсетіліп, викторина өткізілді, онда оқушылар «Егемендік нені білдіреді?», «Қазақстанның Тәуелсіздік күні қашан тойланады?» деген және басқа сұрақтарға жауап берді. 6 «Б»-сынып оқушысы Ибраева София «Жаңа күн» әнін шырқады, ал 5 «Б»-сынып оқушылары Лопаткин Родион, Феер Алина, Бақыт Тамерлан өлең оқыды. Жалпы, іс-шараны дайындауға және өткізуге мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсенді қатысты.

Соңында іс-шараның барлық қатысушылары бір-біріне бейбітшілік, денсаулық және бақыт тіледі.

 

 

#оқуғақұштармектеп

#кітапоқитынмектеп

#читающаяшкола


Комментариев нет
Просмотров: 155
Автор: b1420skobilim
Сайт: www.b1420.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.11.2022 в 16:36