Меню KDT

Петропавл қаласының Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 9-11 сынып оқушылары үшін «Экономикалық ондық» зияткерлік жекпе-жегі


Бейіндік пәндерді оқуға қызығушылықты арттыру, тұлғаның шығармашылық дамуы, зерттеу мәдениетінің элементтерін сіңіру, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында; сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына мамандықты саналы түрде таңдау жасауға, оқушылардың мансапты жоспарлау саласындағы құзыреттілігін арттыруға, олардың тілектері мен мүмкіндіктерін білуге көмек көрсету; қабілеттерін, қызығушылықтарын, зияткерлік және тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; колледждің негізгі бағыттарымен танысу үшін 2022 ж. 21.11 Петропавл қ. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 9-11 сынып оқушыларына «Экономикалық ондық» зияткерлік жекпе-жегі өтті. «Экономикалық ондық» ойыны жоғары құрылыс-экономикалық колледж топтары арасында сыныптан тыс іс-шара ретінде өткізілді. Іс-шараға «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ-нің оқушылары тыңдаушылар ретінде қатысып, олармен конкурстар өткізілді.  11 «А» сынып оқушылары - Нурманов Ерасыл, Коцюбинский Леонид, Кононенко Ангелина және 9 сынып оқушылары - Кузнецов Сергей, Дацкевич Татьяна, Стреляева Дарья, Орлова Александра конкурстарға белсенді қатысты. Іс-шара соңында балалар грамоталармен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 128
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 21.11.2022 в 21:10