Меню KDT

«Әлеуметтік желілер: зияны мен пайдасы» сабақ-әңгіме


Ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кәмелетке толмаған пайдаланушылар санының едәуір өсуіне байланысты өзекті бола түсуде. Қоғамның қазіргі даму жағдайында компьютер балаға «дос» және «көмекші», тіпті «тәрбиеші», «мұғалім» болды. Сонымен қатар, компьютермен, атап айтқанда, Интернет желісімен жұмыс істеу кезінде жас ұрпақтың физикалық, моральдық, рухани денсаулығына теріс әсер ететін бірқатар аспектілер бар. 2022 ж. 25.11 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 9-сынып оқушыларына  «Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы, жастармен жұмыс бөлімінің маманы Д.К.Баймакишева «Әлеуметтік желілер: зияны мен пайдасы» атты сабақ-әңгімелесу өткізді. Іс-шара оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға заманауи ақпараттық-коммуникациялық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету, Киберқауіпсіздіктің алдын алу мақсатында өткізілді. Кездесу аясында оқушылар өздерінің жеке деректерін алаяқтардан қорғау әдістері, киберкеңістіктегі дұрыс мінез-құлық туралы әңгімелесті; интернеттегі психологиялық қысымға (кибербуллинг)қарсы тұру қабілетін дамытты. Практикалық мысалдарда интернет кеңістігінде қауіп-қатер жағдайлары және олармен күресу жолдары қарастырылды. Кездесу соңында балалар ақпаратты іріктеудің қарапайым ережелерін білу, сондай-ақ оны қолдана білу балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға ықпал етеді деген қорытындыға келді. 


Комментариев нет
Просмотров: 120
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.11.2022 в 21:23