Меню KDT

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол» квест ойыны


2022 жылғы 28 қарашада "Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп" КММ-нің  9,10-сынып оқушылары арасында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарына (9 желтоқсан) сәйкес "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол" квест-ойыны өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу, заңдарды сақтаудың маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігін түсіну, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру. Ойын барысында оқушыларға "Ақылды бол", "Жағдайды шеш", "Көркем", "Әдеби" және т. б. станцияларда бірнеше тапсырмаларды орындау ұсынылды. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, шығармашылықпен қарады, өз ұстанымдарын  дәлелдеді. Іс-шараны қорытындылау кезінде оқушылар әркімге заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсіну, сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыстың көрінуіне жол бермеу және жолын кесу қажет деген қорытындыға келді.


Комментариев нет
Просмотров: 188
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 28.11.2022 в 21:58