Меню KDT

Жаратылыстану және нақты ғылымдар елі!


29 қарашада жаратылыстану-математикалық цикл онкүндігінің жабылуына арналған мектептің 3 қабатында жиын өтті. Салтанатты жиынды ұйымдастыруға  ЖМЦ  ӘБ басшысы Г.А.Жакупованың жетекшілігімен пән мұғалімдері қатысты.
Жиын барысында «Жаратылыстану және нақты ғылымдар елі» деген атпен өткен онкүндіктің қорытындысы шығарылды. 14-25 қараша аралығында пән мұғалімдері математика, физика, информатика, химия, биология және география пәндерінен ашық сабақтар берді. Сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Онкүндік қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.
«Физика вокруг нас» ойынында алған I орын үшін 8 «Б» сынып оқушылары мадақтамамен марапатталды.
 
«Своя игра» география іс-шарасында 7 «Б» сынып оқушылары I орынды иеленді.
 
«Счастливый случай» интеллектуалды математикалық ойынында 5 «А» сынып оқушыларының тобы I орынға,  ал 5 «Б» сынып оқушылары II орынға ие болды.
 
«Юный ученый»  квест-ойынының қорытынды іс-шарасында жеңіске жеткені 11 сынып оқушылары марапатталды.
 
«Попробуй, догони!» атты математикалық челленджде Сергиеня О. жеңіске жетті.
 
8 сынып оқушылары арасында өткен «Самый умный»  атты математикалық турнир  8 «Б» сынып оқушыларының  жеңісімен аяқталды.
 
ЖМЦ  онкүндігі шеңберінде өткен іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін 7 «А»,  8 «А», 9 және 10 сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.
 
Онкүндік барысында оқушылар танымдық, қызығушылық және белсенділік танытты. Қатысқандарыңыз үшін рахмет!


Комментариев нет
Просмотров: 151
Автор: b039skobilim
Сайт: www.b039.sko-bilim.kz
Добавлено: 30.11.2022 в 16:12