Ата-аналар жиналысы
Ата-аналармен жұмыс әрқашан мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі ең қиын жұмыстардың бірі болып саналды. Бала білім беру мекемесінің табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап мұғалімдер мен ата-аналар - бұл біртұтас ұжым.
Ата-аналар жиналысы - бұл мәселелер мен міндеттерді бірлесіп шешу, балаларды бейімдеу, оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін біріктірілген адамдар тобы. Ол оқу орнына, ең бастысы балаларына көмек көрсету үшін құрылған.
23.11.22-28.11.22 мектепте кезекті ата-аналар жиналысы өтті .Ата-аналар мен мұғалімдер ұжымымен кездесуі қызықты болды. Сынып жетекшілері сынып жиналыстарының қызықты түрлерін ұйымдастыра алды. Бұл дөңгелек үстелдер, ата-аналар конференциялары, отбасылық қонақ бөлмелері, презентациялар, аукцион, дәріс-семинарлар, іскерлік ойындар және т.б. және ең бастысы, бұл жиналыстар ақпараттық сипатта болды. Ата-аналар балаларының жетістіктері туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуметтік, психологиялық қызметтердің түрлі кеңестерін , ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден, интернет көздерінен, сондай-ақ педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесінен ала алды.
Теги:
Ата-аналар жиналысы,
Мектеп №26
Комментариев нет
Просмотров: 138