«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы.
Конкурстың мақсаты: оқу пәндерінің, элективті курстардың және пәндер бойынша таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Бұл байқауға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жетпісова Райхан Жәнибековна қатысы, «Даланың дара ұстазы- Ыбырай Алтынсарин» факультативтік бағдарламасын ұсынды. Қалалық кезеңіндегі 1 орын жүлдегері атанып,облыстық деңгейге жолдама алды.
2022 жылғы 30 қараша күні «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Облыстық деңгейінде тілдер бағыты бойынша педагог-зерттеуші қазақ тілі мұғалімі 3-орынға ие болды.
Құтты болсын,әріптес!


Комментариев нет
Просмотров: 196