Вебинар «5-11 сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейлерін зерттеу әдістері»


2022 жылғы 29-30 қараша айы аралығында мектептің психологиялық қызметі 5-11 сыныптардың сынып жетекшілеріне арналған вебинар өткізді. Вебинардың тақырыбы «5-11 сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейлерін зерттеу әдістері».
Мақсаты: оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін зерттеу бойынша әр түрлі әдістер туралы түсінік беру.
Вебинарда тәрбиелік деңгейді анықтаудың келесі әдістері түсіндірілді:
- «Оқушылардың мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына қатынасы» атты әдісі. Авторы Е.Н. Прошицкая.
- Н.П.Капустина мен М.И.Шилованың әдісі бойынша тәрбиелік деңгейді анықтауға бағытталған оқушылардан сауалнама алу (5-11 сыныптардан).
Сонымен қатар алынған нәтижелерді талдауды жүзеге асыру мен оларды тиімді қолдану бойынша практикалық жұмыс жүзеге асырылды.
Сынып жетекшілерге жоғарыда көрсетілген әдістер бойынша толық ақпарат беріліп, түсіндірілді.
Комментариев нет
Просмотров: 431