Қалалық дебат турнирі
Астана қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 орта мектепте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық құқық кафедрасының демеушілігімен қалалық дебат турнирі өтті.Турнирге 32 фракция қатысты. Мектебімізден 2 команда бақтарын сыңады. Турнир нәтижесінде № 38 мектеп лицейінің "Қазақ" дебат клуб командасының "Қазақ" фракциясы жүлделі 3 орынды иеленді. Жидебай Айзада,Өмірзақ Диляра. "Ақиқат" фракциясының мүшесі Болатқызы Аруана "Үздік спикер" номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі:Шырайлым Жақыпбекқызы