Меню KDT

«Алтын күз» сайысы

Қараша айының 18-і күні «Жаратылыстану» бірлестігінің апталығы аясында, мектебімізде 9- сыныптар арасында «Алтын күздің» ханзадасы мен ханшайымын анықтадық. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрды. 1- кезеңде жұптар өздерін таныстырса, 2-ші кезеңде қатысушылар күзгі вальс биледі. 3- кезең күз сәні, яғни жұптар күзгі сән өнерін көрсетті. 4- кезеңде қатысушылар «Жаратылыстану ғажаптары» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайысымыз тартысты әрі қызықты өтті. 


 9- сынып оқушылары арасында «Ханзада 2022 мен ханшайым 2022 анықталды.
Сайысымыздың қорытындысы:
Бас жүлде 9 «е» сыныбы: 🏆Өтеген Әділсұлтан және Бақтыбай Ботагөз
🥇-Орын 9 «ғ» сыныбы: Үсен Шыңғысхан және Бекайдарова Балауса
🥈-Орын 9 «ә» сыныбы: Азаматұлы Дінмұхаммед және Жидебай Айзада
🥉- Орын 9 «а» сыныбы: Мейрам Расул және Рымбек Дәрия
Белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз, биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.


Комментариев нет
Просмотров: 77
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.11.2022 в 16:00