Физика пәнінен XIII халықаралық пәндер олимпиадасы
"38 мектеп- лицей" ШЖҚ КММ жас дарыны 🇹🇷Турцияда қашықтықтан өткен олимпиадада ел намысын қорғайды. 2022 жылы 21 қарашада өткен XIII халықаралық пәндер олимпиадасында физика пәнінен 9 "Ә" сынып оқушысы Өмірзақ Диляра II орынмен жеңіске жеткен жетістігімен құттықтаймыз. Осы орайда Диляраның жетекшісі Пармонова Гүльмира Рахматқызына осындай оқушы дайындағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!