Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы 2022 жылғы 22-24 қараша аралығында Оқушылар сарайында және Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қабырғасында облыстық кезеңінің бірінші кезеңі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы 2022 жылғы 22-24 қараша аралығында Оқушылар сарайында және Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қабырғасында облыстық кезеңінің бірінші кезеңі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы 2022 жылғы 22-24 қараша аралығында Оқушылар сарайында және Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің қабырғасында облыстық кезеңінің бірінші кезеңі өтті. Байқау мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, қаламыздың интелектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Жалпы конкурс ережесі бойынша облыстық кезең 2 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – жобаларды қорғау.
Екінші кезең – бейіндік пәндер бойынша тестілеу. Өткізілген іс-шара облысымыздың түкпір-түкпірінен 141 ғылыми жоба қорғаушылары қатысты. Сайысқа мектебімізден 7 үміткер қатысып, 7-еуі жүлделі орындарға ие болғанын айтқымыз келеді. Атап айтар болсақ, 11-сынып оқушылары қазақ әдебиеті бағыты бойынша Марат Батырхан мен Мейрам Карина, этномәдениеттану бағыты бойынша Бейсенбаева Нұрай қанжығаларына 1-орынды еншіледі. Ал, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша Садуақасова Маржан, ағылшын тілі бағыты бойынша Айбарұлы Асылхан, қолданбалы математика бағыты бойынша Есеналды Нұржан 2-орынға ие болды. Ал, математика бағыты бойынша 9-сынып оқушылары Шамшуменова Мадина, физика бағыты бойынша Билисбекова Камиля да 3-орынды еншіледі. Бәсекелі додаға оқушыларымызды дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттеріміз облыстық кезеңнің екінші кезеңінде сәттілік тілейміз. Ғылыми жоба байқауының үміткерлерін дайындаған ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.
Комментариев нет
Просмотров: 63