Меню KDT

" № 5 орта мектеп" КММ тәжірибесімен бөлісу


 

2022 жылдың 30 қараша күні «№5 орта мектеп » КММ директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «№ 5 мектептегі тәрбие кеңістігі-тұлғаның құзіреттілігін қалыптастырудағы негізгі факторы » тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинар барысында жалпы адами құндылық пен оқушының құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысы тұлғаны тәрбиелеу- негізгі ойы үйлесімді дамыған тұлғаның ұлттық бейнесін қалыптастыру болып табылатын Концепциясының негізінде жүзеге асырылады.

Мектебімізде оқушыларға рухани-адамгершілік және негізгі ұлттық құндылықтарды  жеткізу арқылы үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға, оның құндылық-мағыналық саласын дамытуға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуінің мақсатты үрдісі Абайдың «Толық Адам» рухани мұрасында бейнеленген.

Семинарға қатысушылар семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, алынған ақпараттың өзектілігі мен құндылығын, ашық іс-шаралардың практикалық бағыттылығын, өз тәжірибесін әріптестердің тәжірибесімен салыстыру мүмкіндігін, сондай-ақ әдістемелік қазынаны толықтыруды атап өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 278
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.12.2022 в 16:30