15.03.2023 жылы
Математика, информатика пәндер айлығының қорытындысы
Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі-пән айлықтарын өткізу. Мектебімізде барлық пәндер бойынша пәндік айлық өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда ,мектебімізде нақты ғылымдар-математика,информатика пәндерінің айлығы мектеп жоспарына сай 2023 жылдың 1.02 – 28.02 күндер аралығында өткізілді. Айлық тақырыбы: «Математика және информатика сабағында оқушылардың білім деңгейлерін арттыруда жаңа
әдіс – тәсілдер қолдану».
әдіс – тәсілдер қолдану».
Математика және информатика сабақтарында оқытудың замануи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып,ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан – жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық қабілеттерін дамытып,білім сапасын көтеру. Математика, информатика пәндер айлығының барысында келесі іс – шаралар өткізілді:
-Ашық сабақтар,сыныптан тыс сабақтар.
-Ашық сабақтарға қатысып әкімшілік тарапынан талдау жасалынды.
-«Математикалық» жәрменке, «Логика» интеллектуалды байқауы
-«Қабырға газеті», «Математикалық фигуралар» байқаулары
-«IQ BATTLE» мұғалімдер арасында интеллектуалды шоу
- «Математика және информатика сабағында оқушылардың білім деңгейлерін арттыруда жаңа әдіс – тәсілдер қолдану» семинары. Маханова С.Н., 5 «В» сыныбында «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында ашық сабақ, Хороходжаева А.Қ., «Үш тұғырлы тіл» саясаты аясынды курстан өткен. 5 «Б» сыныбында «Робототехника тарихы және перспективалары» тақырыбында ашық сабағын, Адаева С.В., 9 «Д» сыныбымен «Решение треугольников» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ұлмахан Ғ.М 6 «Ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді, Бердімұратова Ж.А., 11 «А» сыныбымен «Көрсеткіштік теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ, Каюпова Г.А., «Көп мүшені көбейткіштерге жіктеу үшін қысқаша қөбейту формулаларын қолдану» тақырыбынды 8 –сыныбында ашық сабақ өтті. Пойманов А.А., «Үш тұғырлы тіл» саясат аясындағы курстан өткен ұстаз. Утепергенова Н.Д., «Үш тұғырлы тіл» саясат аясындағы курстан өткен ұстаз. 11 «Ә» сыныбымен «STARTUP-ты іске қалай қосу керек» тақырыбында ашық сабақ өтті. Утельбаева Р.Т., 9 «А» сыныбымен «Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының синусы, косинусы,тангенсі және котангенсінің формулалары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Матыцына Е.О., 11 «Б» сыныбында «Производная показательной функции и интеграл от нее» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Теги:
Жаңалықтар / Оқушыларға
Комментариев нет
Просмотров: 69