Меню KDT

Донорлықта АИТВ-инфекциясының алдын алу


Донорлық жайлы көптеген аңыздар бар. Донорлық плазманы құю арқылы АИТВ жұқтыруға бола ма? Донор болу қауіпсіз бе? Осы сұрақтардың барлығы қандай да бір себептермен медициналық манипуляцияларға тап болғандарды алаңдатады.

Донор болу – қауіпсіз.

АИТВ жұқтыру тұрғысынан қан тапсыру донорға ешқандай қауіп төндірмейді. Барлық манипуляциялар қатаң зарарсыздандырылған медициналық құралдармен және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жасалады. Қазақстанда 2007 жылдан бастап донорлық кезінде АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, донор болғысы келетін барлық адамдар міндетті түрде АИТВ-ға тексерілуі қажет. Тексеруден бас тартқан кезде адам донор бола алмайды. Егер талдау барысында АИТВ-инфекциясы анықталса, адам донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі. Донорлық қаннан алынған плазма препараттарының қауіпсіздігіне кепілдік беретін арнайы жүйе бар. АИТВ-ға алғашқы тексеруден кейін донор алты ай бойы бақыланады, содан кейін АИТВ-ға тест қайталанады. Бұл зерттеу қандағы вирусты тіркей алмайтын "серологиялық терезе" кезеңін болдырмау үшін жасалады. Донорлық плазма қайта тексерілгенге дейін Арнайы бөлмеде сақталады. АИТВ-ға қайта талдау теріс болған жағдайда ғана плазманың бірінші бөлігін клиникалық тәжірибеде қолдануға болады.

Барынша дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін донорларды ең сапалы тест-жүйелерімен тестілеуден өткізеді.


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 04.10.2024 в 12:37