Меню KDT

Павлодар облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы


Павлодар облысында ағымдағы жылдың 9 айы ішінде АИТВ статусы бар 2714 адам тіркелді, олардың ішіндегі 218 пациентке ЖИТС диагнозы қойылды.

Өңірімізде 9 ай ішінде АИТВ-инфекциясының 168 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 105 ер адам және 63 әйел. Ең көп АИТВ-позитивті адамдар саны Павлодар қаласында – 110, Екібастұз қаласында – 24, Ақсу қаласында – 9, Павлодар ауданында – 8 және жеке-дара  жағдайлар облыстың өзге аудандарында да тіркелген.

Инфекцияның берілужолдарынакелетінболсақ, біріншіорындакөктамырішілікжолмен(есірткізаттарын пайдаланған кезде)–33,9%,екінші орында –жыныстықжолмен–61%-дан астам, үшінші орында –тікберілужолымен – 0,6%анықталды.

АИТВ-позитивті80-ненастамадам жұмыс істемейтіназаматтар екендігін айта кеткен жөн.

АИТВ қан, сперматозоидтар, қынап бөлінділері және омырау сүті сияқты ағза сұйықтықтарында болады.

Естеріңізге сала кетейік, АИТВқорғалмағанжыныстыққатынас,қан құю, инъекциялықесірткінітұтынукезінде инелер мен шприцтерді ортақ қолданған жағдайда,сондай-ақ жүктілік,босанужәнеомырау сүтімен емізу кезіндеанаданбалаға жұғады.Алайда,егержүктіліккезіндежәнеомырау сүтімен емізу кезінде баланың анасыантиретровирустықтерапияны қабылдаса, АИТВ-ның балағаберілуқаупіөтетөмен.

Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!


Комментариев нет
Просмотров: 9
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 04.10.2024 в 17:42