Дублер күні.
Мектебімізде іс-шара жоспарына сәйкес «Дублер күні» өткізілді. Мақсаты: Мектептегі өзін –өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. «Дублер күнін» өткізу туралы бұйрығын шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп директорының дублері лауазымына кандидатура ұсынылып, мектептің қоғамдық жұмыстарына аса белсенділікпен қатысатын 11 «Ж» сынып оқушысы Бердіхалық Ержан тағайындалды. Таңертеңгілік «Ұстаз! Сіздің алдыңда...» алдыңда атты 11- сынып оқушыларының құттықтау алаңы ұйымдастырылды. Қабырға газеттері шығарылып, оқушылар ұстаздарға ыстық ықыласын жеткізді. Әр пән бойынша оқушыларға әдістемелік көмек көрсетілді. Нұсқау беріліп, жиын өтті. Оқушылар өз бейімдеріне орай, пән мұғалімдерінің қызметін бөліп алысты. Екі ауысымда да сабақ өткізіп, оқушылармен тығыз байланыста болды. Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі бойынша бастамашыл топтың сабақ беруі оқушылардың көңілінен шыққаны белгілі болды. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 8