АПҚО: "Буллинг және суицидтік тәуекелдердің алдын алу" - 9 сыныптардағы ата-аналар жиналысы
13 қараша 2024 жылы Ата - аналарды қолдау педагогикалық орталық аясында ата - аналар жиналысы 9"А", 9" Б", 9 "В" сынып параллель арасында өтті. Ата - аналар жиналысында мына сұрақтар қарастырылды:
- Мектеп ортасындағы буллинг профилактикасы.
- Жасөспірімдер арасындағы өз өзіне қол жұмсау профилактикасы. Мектеп директорының тәрбие iсi жөніндегі орынбасары Абдрахманова Г. Ф. Құқықбұзушылықтың буллинг кезінде жауапкершілігi, мектептегі буллинг жағдайы тақырыбында түсіндірдi. Басты мәселелерге тоқталды, буллинг әрекеті қалай пайда болатыны туралы, сонымен қоса ережелер мен түсiнiктеме мен әрекет профилактикасы туралы түсіндiрдi. Мектепте буллингке қарсы шаралар өткенің баяндады. Мектеп директорының тәрбие iсi жөніндегі әлеуметтік сұрақтарға жауап беретін орынбасары Байконырова М.А. сөз сөйледі. Сөйлеген баяндамада ата - аналарға өзiн - өзi қол жұмсау профилактикалық әрекеті туралы өз ойымен бөліcтi. Ата - аналарға ұсыныстар берiлді. Ұсыныста жасөспірім баланың өмірiн қорғауға кеңестер берiлдi.
Комментариев нет
Просмотров: 26