“Қоршаған ортаның сапасын бағалау” тақырыбында шебер сынып өткізілді
Жас ұрпаққа білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді ұлттық құндылықтарға негіздей отырып оқыту нәтижесінде білім сапасын жақсартуға бағыт беру, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, инновациялық тәжірибелерді тарату мақсатында «Оқу –тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді ұлттық құндылықтарға бағыттау» тақырыбында тәжірибе алмасу айлығы аясында 11-сынып оқушылары арасында география-химия пәндерінің кіріктірілуімен, ұсынылған білімді құндылыққа негіздей отырып,қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін жіктеу мақсатында: «Қоршаған ортаның сапасын бағалау» тақырыбында шебер-сынып өткізілді.Оқушылар шағын жобалар, «ауа», «су», «топырақ» экологиялық сапасын бағалау бойынша тәжірибелер жасап,пікір алмасты.Ғаламдық,жергілікті экологиялық проблемаларды қамти отырып,қорытындыланды.
Пән мұғалімдері:Мақаш Ә.С.,Баймолда А.С.