Бастауыш сынып мұғалімі уақытша бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Бос лауазым: Бастауыш сынып мұғалімі – 1 бірлік уақытша (орыс және қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда); 2. Лауазымдық жалақысы: 181000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты) 3. Конкурсты өткізу мерзімі: 5.12.2024 жылы сағат 14:00 4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ. Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41 Электрондық адрес: chush-40@yandex.kz Біліктілік талаптары: Жоғары білімі (педагогикалық) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл; 11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 27 қарашасына дейін жүргізіледі. |