«Пленэр – таза ауадағы жүздесу» - «Пленэр – 2024» облыстық көркемсурет жобасының қорытынды көрмесі
2024 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қостанайлық суретшілердің жыл сайынғы өңірлік «Пленэр – 2024» көркемсурет жобасының қорытынды көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
2024 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қостанайлық суретшілердің жыл сайынғы өңірлік «Пленэр – 2024» көркемсурет жобасының қорытынды көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде жобаға қатысқан суретшілердің, сондай-ақ облыстың әр жерінде өз бетінше этюдпен жұмыс істеген авторлардың жұмыстары ұсынылды.
Биылғы жылы суретшілер пленэрі Қостанай облысы Науырзым ауданының Науырзым қорығында 19-23 тамыз аралығында өтті.
Суретшілер пленэрі Қазақстанның інжу-маржаны - Қостанай облысының көрікті жерлерінің бірі Науырзым қорығына саяхат ұйымдастыру мақсатында өтті. Олар географиялық қарама-қайшылықтарға толы табиғи музейдің көрікті орындарын аралап, этюдтар салды. Суретшілер сан алуан пейзажды табиғатта, бұрынғы көне Тұран теңізінің түбінде өскен атақты реликті қарағайлы орманда, кең дала, көлдер және қайың мен көктеректі орманда және жұмбақ Тірсекте де болды.
Ашық аспан астындағы тұмса табиғат аясында суретшілер шығармашылық бейнелеу шеберліктерін шыңдады.
Қостанай суретшілерінің «Пленэр – таза ауадағы жүздесу» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.