«Асықтың түрлері және атаулары»
#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ
#ТӨРТ_ТОҚСАН_ТӨРТ_ӨНЕР
#2_ТОҚСАН
2024 жылдың 18 қараша күні «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 8 «А» сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Альмуханова А.И. «Асықтың түрлері және атаулары» атты шолу сабақ өткізді. Оқушылар асықтың түрлерімен танысты. Олар: Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Шүкейт – жас малдың асығы, қойлық – қойдың, ешкімек – ешкінің, құлжа – құлжаның асығы, ал арқардың асығын қолқар дейді. Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық болса, топай – сиырдың асығы. Жабай деп ірі асықты айтады.
Комментариев нет
Просмотров: 22