Павлодар облысында «Есірткіге қарсы консультациялық пункт» жұмысын бастады
Павлодар облысында жылжымалы «Есірткіге қарсы консультациялық пункт» іске қосылды, оның негізгі міндеті халықты, оның ішінде жасөспірімдерді, жастарды есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету болып табылады. Сондай-ақ, ниет білдірушілер нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу, нашақорларды емдеу және оңалту мәселелері бойынша кеңестер, ұсыныстар ала алады. Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді, кез келген адам АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өте алады, бұл ретте анонимділікке кепілдік беріледі.
Консультациялықпунктоблыстыңбарлыққалаларыменаудандарында болып шығады.Тұрғындар үшінреспубликалықжәнеоблыстықпсихикалықденсаулықорталықтарыныңпсихолог-мамандары, есірткі диспансерінің, АИТВ-инфекциясыныңалдын алу жөніндегі орталығыныңдәрігерлері,сондай-ақ волонтерлікжәнеүкіметтік емес ұйымдардыңбелсенділері жұмыс істейтінболады.
Аталмыш жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда, оны Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Павлодар облысы мәслихатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының, Павлодар облысының денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму басқармаларының, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар филиалы мен «New vision team» ҚҚ қолдауымен облыс прокуратурасы ұйымдастырды.