Меню KDT

Дұрыс жолды таңда – адам құқықтарының жолын таңда


Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, АИТВ-инфекциясын тұрақтандырудағы елеулі жетістіктер адам құқықтарын қорғау саласындағы ілгерілеумен тығыз байланысты. Өз кезегінде, АИТВ-ға қарсы іс-қимылдардағы жетістіктер денсаулық сақтау жүйесін нығайту, тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсету саласын кеңейту жөніндегі шараларға алып келді.

Мысалы, Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ТМККК шеңберінде бірнеше жыл бойы АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа тексеру және кеңес беру жүргізіледі, шет елдерге шығу үшін АИТВ-ға тексеру нәтижесі бар сертификаттар беріледі. Халықтың негізгі топтарына профилактикалық және медициналық-әлеуметтік көмек сенім пункттерінде және достық кабинеттерде көрсетіледі, бұған жеке қорғаныс құралдарын беру, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу кіреді.

АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек, психоәлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау ТМККК шеңберінде қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастырылған. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясын емдеу үшін антиретровирустық препараттар беріледі, АИТВ-мен байланысты аурулардың диагностикасы жүргізіледі, емдеу тиімділігіне зертханалық мониторинг қамтамасыз етіледі.

Көрсетілімдер болған жағдайда, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы басқа да функциялар халыққа жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі  антиретровирустық профилактика қолжетімді.

Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында өңірдің 2265 тұрғыны антиретровирустық терапия алуда, ағымдағы жылдың 10 айында иммундық мәртебені анықтау бойынша 3197 талдау, терапияның тиімділігін анықтау үшін 4107 талдау жүргізілді. Жүкті әйелдердің 100%-ға жуығы АИТВ-инфекциясына және олардың жыныстық серіктестеріне тексерілді. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша Достық кабинетте 2891 адам кеңес алды, оның ішінде 250-ден астамы жанасуға дейінгі профилактикадан және 38 – і жанасудан кейінгі профилактикадан өтті. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аудандарында ашылған 15 сенім пунктіне 55 мыңға жуық адам келді.

АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда және оны жоюда қоғам тарапынан тексеруге, емдеуге, сондай-ақ әлеуметтенуге, еңбек құқықтарына қол жеткізу құқықтарын қабылдау, құрметтеу, қамқорлық және сақтау сияқты іс-әрекеттер өте маңызды. Сондықтан кездейсоқ емес, 1 желтоқсан – биылғы ЖИТС-пен күрес күні «Дұрыс жолды таңда – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен өтеді. Сарапшылардың пайымдауынша, егер адам құқықтары басты назарға алынса, әлем 2030 жылға қарай АИТВ-ны қоғамдық денсаулыққа қауіп ретінде тоқтата алады. «Құқықтар жолымен жүріңіз» деген үндеу келесі жылдың оқиғалары үшін маңызды болып қала береді. Облыстық онкүндік аясында 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Павлодар өңірлік АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы осы инфекцияның алдын алу және емдеу жөніндегі мәселелерді БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтитын бірқатар іс-шараларды жоспарлады.

Қазанның 29-ы күні, онкүндік шеңберінде, облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығында Ашық есіктер күні өткізіледі. Тестілеуден өтіп, АИТВ-ға қан талдауын тапсыруға, кеңе алуға болады. Барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін шақырамыз. Барлық процедуралар тегін жүргізіледі.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – бұл әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын қорғауға шақыру болып табылады.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 19.11.2024 в 13:11