Бос лауазымдарға Конкурс өткізу туралы
Хаттама №6
2024-2025 оқу жылына қосымша білім беру педагогының бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
2024 жылғы «13» қараша Астана қ.
Комиссия төрайымы:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Б. Аскарова.
Комиссия мүшелері:
Кәсіподақ комитетінің төрайымы – М.Е. Қабкен;
Директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары – Б.А. Турманова;
Фортепиано сыныбының педагогы – С.Г.Мустафина;
Домбыра сыныбының педагогы – А.М.Копеева.
Комиссия хатшысы:
Хатшы – Ж.Қ. Сейткамал.
Күн тәртібі
Комиссия мүшелеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, педагогтерді бос және (немесе) уақытша бос лауазымға конкурс негізінде өтетін, Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қосымша білім беру педагогтарының оның ішінде:
• Домбыра сыныбының педагогы – 4 бірлік, 9 сағат
• Хореограф – 2 бірлік,9 сағат
• Фортепиано сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
• Гитара сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
• Сүйемелдеуші – 3 бірлік, 9 сағат
• Көркемөнер бөлімінің педагогы – 2 бірлік, 9 сағат
• Театр сыныбының педагогы – 2 бірлік, 9 сағат
• Вокал сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
• Дәстүрлі ән сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
• Музыкалық теория пәнінің педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
• Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша конкурстық комиссияның мүшелері тыңдалды. Атап өтілген лауазымына конкурсқа өтініш білдірген 1 кандидат барын және оны атап өтті:
1. Чаяхметова Макпал Касибековна
Комиссия мүшелеріне үміткердің құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды, содан кейін кандидаттың бағалау парағында көрсетілген ұпайларды санауды ұсынды. Комиссия мүшелері кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырды. Бұдан әрі комиссия мүшелерінен баллдарды есептеу бойынша өздеріне берілген енгізу парағын беруді сұрады. Мектеп директорының міндетін атқарушыға тағайындауға ұсынылды.
Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК педагогінің бос және уақытша бос лауазымына тағайындау конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 13 қарашадағы отырысының шешіміне сәйкес сүйемелдеуші, домбыра сыныбының педагогы, хореография бөлімі педагогы, фортепиано сыныбының педагогы, гитара сыныбының педагогы, көркемөнер бөлімінің педагогы, театр бөлімінің педагогы, вокал сыныбының педагогы, дәстүрлі ән сыныбының педагогы уақытша бос лауазымына кандидат анықталмағандықтан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 168-тармағына сәйкес конкурс өтпеді деп танылды.
Комиссияның мүшелері тексерілген бағалау парағы бойынша келесіні
ШЕШІМ ЕТТІ:
- Чаяхметова Макпал Касибековна – конкурстан өткен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындауға ұсынылды;
Комиссия төрайымы:_________________Г.Б. Аскарова
Комиссия мүшелері: _________________М.Е. Қабкен
_________________Б.А. Турманова
__________________С.Г.Мустафина
__________________А.М.Копеева
Комиссия хатшысы: _________________Ж.Қ. Сейткамал
Комментариев нет
Просмотров: 3