Меню KDT

Республикалық 15 пәндік олимпиада науқаны басталды.


Республикалық 15 пәндік олимпиада науқаны басталды.Осы бір іс-шара оқушыларымыздың білімдерін шындап,өз білімімен білімділер сайысына түсіп,өз бағын сынауға жақсы мүмкіндік береді.
4-8 арасында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында Қазақ тілі мен әдебиеті,Орыс тілі мен әдебиеті,математика,шет тілі,жаратылыстану және қазақстан тарихы пәндерінен оқушылар білімдерін сынауға бәйгеге түсті.
Әрине,мектеп педагогикалық ұжымы,пән мұғалімдері өз оқушысынын білімімен биік шындарды бағындыра алатынына сенімді.Сондықтан осынау аталмыш олимпиадаға,қабілеті жоғары,өз біліміне сенімді оқушыларды таңдап олимпиадаға қатыстырып отыр.
Бүгін осы олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.Директордың бейінді оқыту бойынша орынбасары К.М.Алдияров оқушыларға олимпиада қағидалары мен мақсатын,академиялық адалдық заңдарын түсіндірсе,мектебіміздің директоры Жаппаркулова А.Т және оқу-тәрбие орынбасары Мейрханова Ж.О қатысушыларға сәт-сапар,сәттілік тілеп,олимпиаданың маңыздылығы мен болашақтағы рольі туралы айтып берді.
Сонан соң қатысушылар алдын-ала дайындалған олмипиада өтетін кабинеттерге бөлінді.Қазылар алқасы олимпиада қатысушыларын күтіп алып,олимпиадалық сұрақтар таратылып,бәйге басталып кетті.
Мектепішілік олимпиададан ең жүйрік те білімді оқушылар таңдалып,қалалық кезеңде жоғары ұпаймен оралады деген сенімдеміз!!!!


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: bokeyhankrgsch
Сайт: karabokeyhan.edu.kz
Добавлено: 21.11.2024 в 17:38