"Alikhan Bokeikhan university" ББМ үшінші курс студенттеріне дәріс өткізілді.
2024 жылғы 20 қарашада "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де "Alikhan Bokeikhan university" ББМ үшінші курс студенттеріне дәріс өткізілді.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова "Архив тарихы" тақырыбында баяндап берді.
Дәрісте Қазақстанның ең көне архивтерінің бірі, ондағы сақтаудағы мыңдаған қорлар туралы айтылды.
М. О. Әуезовтің,А. Бөкейхановтың бірегей құжаттарына, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы материалдарға ерекше назар аударылды.
Қонақтарға АОМА шығарған құжаттар жинағы мен брошюралар таныстырылды.
Дәстүр бойынша іс-шара архив қоймасына экскурсиямен аяқталды. Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.С. Сүлейменова қонақтарға АОМА қорлары және құжаттарды сақтау шарттары туралы мәліметтер берді. Дәріс пен экскурсия студенттердің қызығушылығын тудырды.