Меню KDT

Интеллект, басқару және сәттілік: біздің түлектеріміздің жетістігі!


20 қарашада Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ бизнес мектебінің базасында 11-сынып түлектері жыл сайынғы қызықты, интеллектуалды және экономикалық ойынға қатысты «Гринч» атты сұрақ-жауап сайысында түлектер тапсырманы іскерлікпен орындап, практикалық ситуацияда нақты тапсырмаларды сәтті орындап, экономикалық ойынның қорытындысы бойынша біздің балалар «Менеджмент магистрі» номинациясынан   жеңімпаз атанды.
Ойынның барлық қатысушылары оқудың бірінші жылына 10% жеңілдік сертификатын алды. Іс-шараның демеушілері ойынның басында қатысушылармен лотерея ойнатты және біздің командадан екі бақытты жеңімпаз болды. Абдолдин Дәрменге флешка, Осипов Сергейге «Халық банкі» логотипі бар кружка берілді. Ұйымдастырушылар балаларға дәмді десерттер мен газдалған сусындармен дастархан жайды. Барлық қатысушылар іс-шараға өте риза болды!
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 208
Автор: b17auezova
Сайт: b17auezova.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2024 в 09:40