Меню KDT

«Архив-2025: нәтижелері мен мәселелер» ғылыми-тәжірибелік конференция


«Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының директоры Б.Рахимов Астана қаласында 22 қараша күні өткен «Архив-2025: нәтижелері мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияда Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау мәселелері мен перспективалары талқыланды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али құттықтап, архив ісі саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды.
Жиынға арнайы келген қонақтар «АРХИВ – 2025» жобасы аясында шет мемлекеттерінен әкелінген құнды құжаттар мен тың деректерден дайындалған көрмені тамашалады.

   


Комментариев нет
Просмотров: 58
Автор: abaioblarhiv
Сайт: abaioblarhiv.kdt.kz
Добавлено: 26.11.2024 в 17:40