
Есірткіге қарсы консультациялық жылжымалы пункт өз жұмысын облыстың қалалары мен аудандарында жалғастыруда
Консультациялық жылжымалы пунктті Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыс прокуратурасы Павлодар облысы мәслихатының, "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалының, Павлодар облысының Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму басқармаларының, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар филиалының және "New vision team"ҚҚ қолдауымен ұйымдастырды. Құрамында республикалық және облыстық психикалық денсаулық орталықтарының психолог-мамандары, есірткі диспансерінің, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, сондай-ақ волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері жұмыс істейді.
Негізгі міндет халықты есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету болып табылады. Сондай-ақ, халық кез-келген маманнан кеңес ала алады, оның ішінде АИТВ-инфекциясы, нашақорлықтың алдын алу, нашақорларды емдеу және оңалту бойынша ұсыныстар.
Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлері барлық тілек білдірушілерге АИТВ-инфекциясына сілекей экспресс-тестілеу жүргізеді. Облыс бойынша есірткіге қарсы пункт жұмыс істеген он күн ішінде мәртебені анықтауға арналған экспресс-тесттен 191 адам өтті.