Меню KDT

АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жастармен кездесу


Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Павлодар қаласының №2 емханасы тұсындағы жастар денсаулық орталығында Жастар бастамаларын дамыту орталығының жастарымен және машина жасау колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының қызметкерлері балаларға инфекцияның берілу жолдары, неден қорқу керек және ненің аңыз болып саналатыны туралы айтып берді. Студенттерге әлемде АИТВ-инфекциясының пайда болу тарихы туралы бейнефильм көрсетілді, «Сен жалғыз емессің» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп викторина мен сауалнама жүргізілді, стигма, кемсітушілік және сенім туралы түсініктемелер берілді.

Іс-шараға жастар арасынан ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, 18 жасқа толған барлық тілек білдірушілер үшін АИТВ-статусын анықтау үшін сілекейді тестілеу өткізілді.


Комментариев нет
Просмотров: 31
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 29.11.2024 в 13:08