Меню KDT

Тәуелсіздік күніне арналған мектеп белсенділері: тәжірибе алмасу және ортақ мақсаттар


2024 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Оқушылар шығармашылық сарайында белсенді жастар бас қосты. Бұр шараны Білім басқармасы Оқушылар шығармашылық сарайымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бағдарламада үздік мектеп клубтары тәжірибесінің тұсаукесері, ортақ мәселелер мен қиындықтарды анықтау, сондай-ақ балалар қозғалысы қызметін жалпы жаңғырту курсын әзірлеу қамтылды. Барлық талқылаулардан кейін Резолюцияның жариялануы маңызды сәт болды. Соңында барлық қатысушылар танымал патриоттық әндерге арналған ортақ би флешмобына қосылды. Бұл шара жиналғандардың барлығына жастардың қазіргі қоғамдағы оң әлеуметтік рөлін тағы бір рет еске салды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 72
Автор: b17auezova
Сайт: 17-oskemen.edu.kz
Добавлено: 09.12.2024 в 09:58