
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 2024 жылғы 9 желтоқсанда оқушылардың бойында адалдықты тәрбиелеуге байланысты «Адал дүкен» акциясы өткізілді.Бұл күні оқушылар өздері сатып алған концелярлық тауарлар мен тәттілер үшін есеп айырысуды жүргізді.
Мұндай акцияны енгізу мектеп оқушыларының бойында жағымды моральдық қасиеттерді, оның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған. Бұл фактор сыбайлас жемқорлыққа «иммунитеттің» дамуына тікелей әсер етеді және оқушыларда жағымды моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған деп санаймыз.



Комментариев нет
Просмотров: 154