Әжем үйреткен...
Бүгін мектебімізде “Даналық мектебінің” жоспарына сәйкес Әжелер мектебінің “Әжем үйреткен...” тақырыбында және Аталар мектебінің “Ата кәсіп- берекенің бастауы” тақырыбында танымдық, шеберлік тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: Жанұядағы әже мен ата, немере арасындағы қарым -қатынасты нығайту. Әжеге, атаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру.Баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Келген ата әжелеріміз білім алушыларға қазақтың тәлім тәрбиесін үлгі етіп, олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалануға шақырды. Дана халқымыздың қонақжайлылығын атап өтіп, мол дастарханымен таныстырды, әрқашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін халық екенімізді де өскелең ұрпаққа айтып берді. Тәрбие сағаты барысында салт- дәстүрден сұрақтар қойылып, оқушылар өздері білмеген сұрақтарға жауап алды.