Меню KDT

Мереке – көңіл көтеруге!


Мереке – көңіл көтеруге, достармен араласуға және демалуға тамаша уақыт. Қысқы каникулға арналған желілік кесте аясында 7 «Б» сынып оқушылары «Қамал» жаңа жылдық лазертагқа барды.
Лазертаг - бұл балаларға арналған қызықты және белсенді демалыс. Бұл инновациялық әскери-тактикалық ойын, белсенді демалыстың қауіпсіз және ыңғайлы түрі. Ойын ұқыптылықты, зейінділікті, төзімділікті дамытады.
7 «Б» сынып оқушылары лазертаг ойынына, картингке, тирге, жаңа жылдық дискотекаға үлкен қызығушылық танытып, жаңа жылдық сыйлықтар алып, демалысты тамаша өткізді! Бұл өте қызықты, көңілді болды, балалар жағымды мен жарқын эмоцияларға толы болды. 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 235
Автор: b17auezova
Сайт: b17auezova.agartu.kz
Добавлено: 05.01.2025 в 16:33