Меню KDT

АИТВ-ның мәртебесін әркім білуі керек


Қазір әлемде АИТВ-инфекциясының не екенін барлығы біледі. АИТВ-инфекциясы кең таралған, өйткені ол барлық дерлік елдерде тіркелген.

Сіз өз АИТВ-статусыңызды білу маңызды. 

АИТВ-инфекциясының алдын алу тек жалпы шараларға байланысты.

* Қауіпсіз жыныстық қатынас және тұрақты, сенімді жыныстық серіктес.

* Мүшеқаптарды қолдану инфекция қаупін азайтуға көмектеседі, бірақ мүшеқапты дұрыс қолданған кезде де ол ешқашан 100% қорғамайды.

* Егер жыныстық серіктестер инфекция қаупінің жоқтығына сенімді болғысы келсе, екеуі де АИТВ-ға тексерілуі керек.

* Есірткіні қолданудан бас тарту. Егер тәуелділікпен күресу мүмкін болмаса, тек бір реттік қолданылатын инелерді пайдалану керек және ешқашан ортақ инелер мен шприцтерді қолданбау керек.

* АИТВ жұқтырған аналар балаға инфекция жұқтырмау үшін емшек сүтімен тамақтандырудан бас тартуы керек.

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін (түскі ас сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), № 1 кабинетте Сіз АИТВ-ға сапалы, тегін тестілеуден өтуіңізге болады.

Мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 50 а.

Өзіңізге және туыстарыңызға қамқорлық жасаңыз!


Комментариев нет
Просмотров: 26
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 09.01.2025 в 10:45