Меню KDT

Конкурс жарияланады

«Математика пән мұғалімі» 14 сағат, (уақытша)


КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы КММ»


«Математика пән мұғалімі» 14 сағат, (уақытша)


- Лауазымдық жалақысы: 140000 – 160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)


- Конкус өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі»


- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 197 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 8 702 508 7207


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:



 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;


   2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);


   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);


   4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;


    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);


   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).


    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;


    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;


    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);


         10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.


    11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.


    12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.


Құжаттарды қабылдау:


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру


жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қабылдау бөліміне тел.:3- 18-27


@ebekmahanov@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 14.01.2025-23.01.2025 жж. сағат 09:00-18:00, 13:00-14:00-үзіліс.


Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 29.01.2025 жылғы сағат 11:00 - де


       Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы


Комментариев нет
Просмотров: 207
Автор: gymnasiumbekmahanov
Сайт: bekmahanov.kdt.kz
Добавлено: 13.01.2025 в 15:03