
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 10-11 қаңтар күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында Сүлеймен Демирель университетінің базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының республикалық кезеңін өткізді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 10-11 қаңтар күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында Сүлеймен Демирель университетінің базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының республикалық кезеңін өткізді.
Мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальға Павлодар облысы бойынша 6 педагог – жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептер педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдар, дефектологтер қатысты.
Бағдарламаға сәйкес бағыттар бойынша педагогикалық идеялар жобалары қорғалды.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);
2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері); ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология); физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика); қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық); ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер; қолданбалы цикл (бейнелеу өнері, көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтер, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер).
Конкурс қорытындылары бойынша:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі Дипломымен:
Коломеец Ирина Леонидовна, Ақсу қаласының мектеп-лицейінің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі Дипломдарымен:
- Кульжанов Гамал Каиргельдинович, Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
- Негманова Каирпану Канапьяновна, Ақсу қаласының №7 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі;
- Джусупова Айгуль Жылкыбаевна, Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебінің дефектологі;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Грамоталарымен:
- Кожокар Виталий Александрович, Павлодар облысы білім беру басқармасының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің география пәнінің мұғалімі;
- Рустемханова Айгерим Сериковна, Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасының психологі марапатталды.
Сондай-ақ, фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!