Меню KDT

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2025 жылғы 22 Қаңтарда 10 Ж. сынып жетекшісі Ө. Т. Каукаевамен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне барды. Балалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның салдары және қоғамдағы адалдықтың маңыздылығы туралы қызықты дәріс өткізілді.


Дәрісті превенция Басқармасының ІІО офицері Сисеналиев Еран Нұрланұлы және превенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы өткізді. Іс-шара өте танымдық және ынталандырушы болып шықты! 💡 Ұйымдастырушыларға жылы қабылдауы мен құнды білімі үшін алғыс айтамыз! 👍✨


Комментариев нет
Просмотров: 120
Автор: b61mangystaubilim
Сайт: spl-itl.edu.kz
Добавлено: 24.01.2025 в 10:59