Меню KDT

«Әуенді тап» байқауы.


Музыка пән мұғалімдері Сарсенбаева Т.Ж және Кудерина Ж. А «Өнер – өмір жемісі» атты көркем еңбек және музыка апталығының аясында 6-сыныптар арасында «Әуенді тап»  байқауын ұйымдастырды. Байқау әр қатысушының өз өнерін көрсетуге, музыкалық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Қатысушыларға түрлі музыкалық стильдер: ретро, халық және заманауи әндер ұсынылды. Байқау қызықты әрі тартысты өтті. Әр сынып мүмкіндігінше көп ұпай жинауға тырысты. Байқаудың қорытындысында қатысушылардың арасында ерекше көзге түскен 6 «м» сынып өнерпаздары жоғары ұпайға ие болды. Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, өнерге деген сүйіспеншіліктері мен еңбектеріне алғыс білдіреміз! ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 21
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 28.01.2025 в 16:42