Меню KDT

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс

«СҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ Петропавл қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ресми интернет – ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.


«СҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ Петропавл қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ресми интернет – ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың Тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және келесілерді:

1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар);

2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы  21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды (бұдан әрі - Өрт қауіпсіздігі қағидалары);

3) «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бұдан әрі - № 305 ҚРҮҚ) ;

4) (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 26618 болып тіркелген) және (бұдан әрі – сәулет қызметі туралы» Заңы) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (болған жағдайда) білім алудың ерекше шарттары қажеттіліктер»;

5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;

6) Оқушыларға медициналық көмек көрсету және санитарлық ережелерге сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсету;

7) «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) Штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) Ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы) арқылы қабылдайды және мынадай құжаттардың бар-жоғын және негізділігін тексереді:

1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

2) Медициналық көмек көрсетуге лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/ке бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды. «Республиканың ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде эпидемиологиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 29/ке бұйрық);

5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдауды құжаттамалық қамтамасыз ету міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – ҚҚҚБ), «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ жүзеге асырады,конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды ptr@sqo.gov.kz электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым ҚР, СҚО, Петропавл қ., қазақстан Конституциясы көшесі, 23. № 302 кабинет мекенжайына қағаз форматында жібереді.          

Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.

Өткізетілетін күні – 06.02.2025 ж.

Өткізетілетін уақыты – сағат 11.00

Өткізілетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ҚР, СҚО; Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, 13 кабинет.

Анықтамалар үшін телефон: 8(7152) 50-11-78; 8(7152)36-64-19.\

27.01.2025 жыл.

Орынд.: Оспанова Б.И.


Комментариев нет
Просмотров: 32
Автор: petropavl_skobilim
Сайт: bilimpetropavl.kz
Добавлено: 27.01.2025 в 09:30