
“Жас маман, алға қадам бас” әдістемелік сағаты.
Бүгін мектебімізде жас мамандарға арналған “Жас маман, алға қадам бас” тақырыбында әдістемелік сағаты өтті. Мақсаты -жас ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету. “Тапқыр суретші” ойыны, “Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру жолдары» тренингі мен “Жақсы сабақ дайындау рецептісі” ойынын тәлімгер ұстаздар Нургожина С.Е. мен Мақұлбаева Ф. Ж. өткізсе, «Сабақты қызықты өткізудің ұтымды тәсілдері» бойынша бастауыш сынып мұғалімі Турсумбаева Б. А өз тәжірибесімен бөлісті. Тренинг жас педагогтер үшін пайдалы, әрі тиімді болды. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 23