
Ашық сабақ: «Менің атым Қожа»
Ашық сабақ: «Менің атым Қожа»
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Сейлбекова С.Ж. 5 «А» сынып оқушыларына Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты бойынша ашық сабақ өткізді.

Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен заманауи оқыту әдістерін қолданды. Интерактивті тапсырмалар, бейнематериалдар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылар шығарманың мазмұнын талдап, кейіпкерлердің мінез-құлқын саралады.

Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Ашық сабақ олардың әдеби шығармаларға деген қызығушылығын оятып, сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.








Комментариев нет
Просмотров: 169