Меню KDT

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ...📚

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ...📚 


ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ...📚 🏢23 желтоқсанда Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 1 сынып оқушылары әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қатысты. 1 сынып оқушылары мектеп табалдырығындағы алғашқы маңызды кезеңді артқа тастап, Әліппемен қоштасты. Олар үшін әріптер мен сөздердің сиқырлы әлеміне есік ашқан сүйікті кітаптары өмір бойы есте қалары сөзсіз. ✅ Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 📌 Ертеңгілікте оқушылар ән мен жырдан шашу шашып өз өнерлерін көрсетті. Өз кезегінде қатысушы ата-аналар да өз тараптарынан мектеп ұжымы мен ұстаздарға алғыстарын жаудырды. Бүлдіршіндеріміздің білімге деген алғашқы қадамына жол сілтеген ұстаздары – балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, болашаққа деген сеніммен қанаттандырды. 📍 Кішкентай шәкірттерімізді құттықтаймыз! Алдағы оқу жылдары жарқын жетістіктерге толы болсын!


Комментариев нет
Просмотров: 267
Автор: malayaschzhandosova
Сайт: zhandosov.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 03.02.2025 в 10:35