
Қаңтар-ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ
Мектебімізде 15 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жоғары сынып білім алушыларының ата-аналарымен “ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ МІНДЕТ” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Мектебімізде 15 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жоғары сынып білім алушыларының ата-аналарымен “ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ МІНДЕТ” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары , білім алушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін орындауы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, кешкі сағат 23:00-ден кейін білім алушылардың көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы ескертілді. Сонымен қатар “ Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025” тақырыбында ақпарат берілді.Жиналысқа Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПб УПИ полиция аға лейтенанты Бердіхан Ақжол Қуандықұлы,Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПб УПИ полиция аға лейтенанты Маратова Айдана Мәлікқызы қатысты.