Меню KDT

“Жас сақшы” полиция сыныбы






Астана қаласы №60 мектепте “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды. Полиция аға сержанты Бауыржан Сәрсенәліұлы Юсуповтың атына.
Бауыржан Сәрсенәліұлы Юсуповтың өмір жолы.
Полиция аға сержанты Бауыржан Сәрсенәліұлы Юсупов 1987 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылдың қаңтар айында Астана қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінде полицей-жүргізуші лауазымынан бастаған. 2013 жылдың 23 қарашасында полиция аға сержанты Бауыржан Сәрсенәліұлы Юсупов масаң күйдегі жүргізуші басқарып келе жатқан BMW маркалы автокөлігін тоқтатады. Оны медициналық куәландырудан өткізу үшін наркологиялық диспансерге апара жатқан кезде, сағат 05:00 шамасында, С.Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында полиция аға сержанты басқарған қызметтік көлік жол ережесін бұзған екінші бір автокөлікпен соқтығысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция аға сержанты Бауыржан Сәрсенәліұлы Юсупов қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапты. 
“Жас сақшы” полиция сыныбының мақсаты:
✅ Оқушылардың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және полиция қызметіне деген саналы көзқарасты қалыптастыру.
✅ Құқықтық, моральдық-психологиялық және дене тәрбиесін дамыту.
✅ Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. 
“Жас сақшы” — еліміздің болашақ құқық қорғаушыларының алғашқы қадамы!


Комментариев нет
Просмотров: 175
Автор: 60mektep
Сайт: www.60.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.02.2025 в 09:25