
Мен және менің құқықтарым.
27 ақпан «Инспектор сағаты» жобасы аясында «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында 7 сынып оқушыларына Астана қаласы ПД «Алматы» ПБ ЖКБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторлары сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында әр оқушы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет екенідігі баяндалды. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Оқушыларға мектептегі және мектептен тыс жерде психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша және көмек қажет болған жағдайда қандай көмек алуға болатындығы жайлы мәлімдеме берілді. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 20