Меню KDT

Дарынды оқушыларды ата-аналарымен марапаттау салтанаты өтті

14.02.2025жылы мектебімізде 2024-2025 жылғы I жарты жылдықта
рес¬публикалық, облыстық аудандық пәндік олимпиада және спорт жеңімпаздары, оқу байқауларының жеңімпаздарын, дарынды оқушыларды ата-аналарымен марапаттау салтанаты өтті. Дарынды жастар – кез келген мемлекеттің мақтанышы. Елдің жарқын болашағы олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты. Білім, өнер, спорт , ғылым салаларында өздерінің жұлдыздарын жаққан дарынды шәкірттерімізге мектебіздің өнерлі оқушылары ән- жырларын арнап, ата - ана мен бала арасындағы қарым- қатынас пен байланысты суреттейтін тамаш қойылым сыйлады. Мектеп тек білім беріп қана қоймайды, тәрбиелеуші орта деген сөздің аясы дәл осы жерде өз орнын тапты. Марапаттау үшін мектеп директорынан өзге мектебіміздің қамқоршылық кеңесі де өз лебіздерін білдіріп, керемет кештің куәсі болды.


https://youtube.com/shorts/znZbG7OGiPM


Комментариев нет
Просмотров: 45
Автор: shkoshmambetova
Сайт: koshmambetov.karasai.edu.kz
Добавлено: 17.02.2025 в 21:28